Қарағандылық кәсіпкер Мәскеуде Қазақстанның креативті индустриясын таныстырады

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан алғаш рет Мәскеуде өтіп жатқан ресейлік креативті аптаға қатысып отыр. Форумда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы креативті индустрияларды дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі, қарағандылық Ирина Харитонова баяндама жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның осы алаңға қатысуы өте маңызды. Бұл халықаралық байланыстарды орнатуға көмектеседі. Бір жыл бұрын біз креативті индустрияларды дамыту жөніндегі тұжырымдаманы әзірлеуді бастадық. Жобаларымыз да бар. Бүгінде креативті хабтар құру, талантты жастарды дамыту және қолдау туралы ойларымыз бар, сондықтан басқа елдердің тәжірибесін зерделеу қажет», – деп атап өтті Ирина Харитонова.

Оның айтуынша, Global Nomads Fashion Awards жобасы өз алаңында әлемнің 3 500 қатысушысын біріктірді. Мақсаты – Қазақстанның елдік бірегейлік тақырыбын зерттеу, цифрлық болашақ әлеміндегі қазақ халқының көшпелі салты мен мұрасы болашақ цифрлық әлемнің күш-қуат және шабыт көзі болатынын ұғыну.

Ирина Харитонова Қазақстанның креативті индустрияларының даму әлеуетімен таныстырады. Білім беру алаңдары және IT бойынша жергілікті тәжірибе – Террикон алқабы, Қарағандының мәдени-креативті индустрияларын дамыту орталығы да ұсынылады.

Креативті аптаның алаңында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланбақ.


Соңғы жаңалықтар