+7 (701) 759 90 19
USD 388.96 EUR 432.21
RUB 6.09 CNY 54.99
Jańalyqtar

Қарағандылық инспекторлар бес бөлтірікті құтқарды

2019 жылғы 26 сәуір 17:45
Бөлісіңіз:
Қарағандылық инспекторлар бес бөлтірікті құтқарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының қызметкерлері 5 бөлтірікті құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылдың 24 сәуірінде «Қарағанды облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы» РММ мемлекеттік инспекторлары әлеуметтік желіден бөлтіріктерді апаннан шығарған бұзақыларды байқаған. Инспекция мамандары табиғатты қорғау мамандарымен бірлесіп, оқиға орнына барды», - деп жазды ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбукте.

Оқиға орнында Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылының Е. есімді тұрғыны ұсталды.

«Ауыл тұрғыны 24 сәуір күні сағат 15.00-де Қызыларай мемлекеттік табиғи қорығы аумағындағы Ақсораң тауларынан 5 бөлтірікті (3 ұрғашы, 2 еркек) үйіне әкелген. Осылайша, жабайы аңдар туралы ҚР заңнамасын бұзған. Оған қатысты ҚР ӘҚБК 389-бабы, 1-тармағы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде хаттама толтырылды. Құтқарылған бөлтіріктер өз апанына жеткізіледі», - деді С. Ділдахмет.


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT