Қарағандылық этномәдени бірлестіктер Спасск мемориалында сенбілік өткізді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында облыстық этномәдени бірлестіктер мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері Спасск мемориалының аумағын ретке келтірді. Биыл карантинге байланысты жыл сайынғы митинг өткізілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спасск мемориал кешені тоталитарлық жүйенің құрбандарын жерлеу орнында ашылды.

Мұнда 1930-1950 жылдары КСРО ІІХК – ІІМ бөлімшелері, сондай-ақ әскери тұтқындар мен тұтқындалған шетел азаматтарына арналған лагерь орналасқан.

Мұрағат мәліметтері бойынша, Спасск зиратында 50-ден астам ұлттың 5 мыңнан астам әскери тұтқыны жерленген.

Қарағанды билігінің бастамасымен 2004 жылы қорымның орнында мемориал ашылды.

Бүгінде мұнда түрлі мемлекеттер 28 ескерткіш белгі орнатқан.

«31 мамыр – аза тұту күні, ата-баба туралы естеліктер және қазақ халқына алғыс айту күні. Бұл жай ғана әдемі сөздер емес. Сол уақыт куәгерлерінің әңгімесін тыңдағанда бүгінгі бейбіт уақытымыз қаншалықты құнды екенін түсінеміз. Жас қазақстандықтардың өз тарихын білгенін қалаймын. Сонда еліміздің тарихында ақтаңдақтар болмайды», – дейді кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы Лилия Ким.


Соңғы жаңалықтар