+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Қарағандылық еріктілер ауыл оқушыларына ағылшын тілінен сабақ береді

2021 жылғы 15 қыркүйек 05:10
Бөлісіңіз:
Қарағандылық еріктілер ауыл оқушыларына ағылшын тілінен сабақ береді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында Jas Otan жастар қанатының English for jastar жобасы басталды. Еріктілер Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы, Абай және Шет аудандарында мектеп оқушыларына ұлы Шекспирдің тілін үйрете бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сәтбаевта жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті Қарағандыда полицейлер өрттен жеті адамды құтқарды Қарағанды облысында педофил 24 жылға бас бостандығынан айырылды

«Біздің елімізде ағылшын тілін оқытатын жүздеген орталықтар бар. Оларда оқу құны көбінесе көптеген ата-аналар үшін қол жетімсіз. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, қазақстандықтардың 80%-дан астамы балаларының ағылшын тілін үйренгенін қалайды. Ал олардың оқу ақысын төлеу мүмкіндігі тек 34% ғана. Сондықтан біз English for jastar жобасын іске қосып, оған «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарын тартуды да шештік», – деді Jas Otan Жастар қанатының жетекшісі Ержан Хамитов.

Волонтерлерді іріктеу үшін жұмыс тобы құрылды. Әңгімелесу нәтижесінде 15 ерікті таңдалды. Олар ауыл мектептерінің 6, 7, 8 және 9-сынып оқушыларына аптасына үш рет бір академиялық сағаттан сабақ өткізеді. Оқыту ойын және тренинг түрінде өтеді.


«Оқу арнайы жұмыс дәптерлерін, сөздіктер мен интерактивті, электрондық қосымшаларды қолдана отырып, Оксфорд Solutions оқулықтары бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ, оқу барысында оқушылар үшін шетелде жүрген «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарымен онлайн-кездесулер ұйымдастырылады.

Олар тыңдармандар үшін виртуалды экскурсиялар өткізеді», – деп қосты Ержан Хамитов.

English for jastar жобасы ауыл жастарына білімдегі олқылықтардың орнын толтыруға, тілдік кедергіні жеңуге көмектеседі және оларды шет тілдерін одан әрі үйренуге ынталандырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT