Қарағандылық еріктілер 105 отбасына азық-түлік себетін таратты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының бірлігі күні Saryarqa Jastary облыстық штабының еріктілері Қарағандыда 10 отбасына азық-түлік себеттерін таратқанын атап өтті. Осындай көмек облыс бойынша 105 отбасына көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ТЖ енгізілген сәттен бастап біздің еріктілер мұқтаждарға көмек көрсетуде. 7 сәуірден бастап өңірде еріктілер мен жеке кәсіпкерлердің қатысуымен 391 акция ұйымдастырылды. Науқан аясында табысы төмен көпбалалы отбасыларға, жалғыз басты қарт адамдарға, мүгедектерге және 167 мұқтаж отбасына әлеуметтік себеттер таратылды», - дейді Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы жанындағы Saryarqa jastary облыстық еріктілер штабының жетекшісі Марғұлан Тұяқов.

Оның айтуынша, 7-30 сәуір аралығында штабқа 1 264 қоңырау келіп түскен. Карантиндік режим басталғаннан бері еріктілер 224 отбасына азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізіп, коммуналдық қызмет ақысын төлеуге көмек көрсетті.

«Бизнес-құрылымдар мен фермерлер азық-түлікпен және қаржылай белсенді түрде көмек көрсетуде. Біз барлығына көрсеткен көмегі үшін алғыс айтамыз. Барлықтарыңызды осы тамаша мерекемен құттықтаймыз. Денсаулық, істеріне табыс, еліміздің өркендеуіне тілектеспіз. Біз барлығын бірге жеңеміз», - деп атап өтті Марғұлан Тұяқов.


Соңғы жаңалықтар