Қарағандылық ерекше балалар Қорғалжын қорығында құстар тіршілігімен танысады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қорғалжын экологиялық обсерваториясында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған «Жас орнитолог» эколагерінің жаңа маусымы басталды. Әлеуметтік жобаға Қарағанды облысынан арнайы мектеп-интернаттардың 25 тәрбиеленушісі қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жоба екінші рет өткізіліп отыр. Өткен жазда пилоттық режимде мүгедек балалар үшін табиғи мекендейтін жерлерде құстарды бақылаудың бейімделген бағдарламасы енгізілді. Лагерьге жүз жас орнитолог келді. Бағдарлама ерекше балаларға өте ұнады, біз оны жалғастыруға мүмкіндік іздей бастадық. Бізді Еуразия қоры қолдады және осы тандемнің арқасында тағы 105 қатысушы жазда ұмытылмас күндерін Қорғалжында өткізеді», – деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Эколагерь Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының ерекше балаларына есігін айқара ашты.

Үш күн бойы жас натуралистер қорықтың тұрғындарын бақылап, далалық зерттеулерге қатысады.

Бағдарламада командалық рух пен өмірлік дағдыларды үйрету бойынша көптеген іс-шаралар бар.

«Жобалық команда практикалық орнитология бойынша әдіснамалық құрал әзірледі, оны біз түзету бағытындағы барлық тілек білдірген педагогтармен бөлісетін боламыз», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Қорғалжын қорығында құстардың 350-ден астам түрі мекендейді, іс жүзінде барлық отандық биоәртүрліліктің 78%-ы сол жерде шоғырланған.


Соңғы жаңалықтар