Қарағандылық домбырашы қыз Прагадағы таланттар жобасының жеңімпазы атанды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандының музыкалық мекемесінде білім алушылар Рим, Канн, Прагада өткен «Таланттар отшашуы» жобасы аясында өткен халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Музыкалық байқауларға 24 қарағандылық оқушы қатысқан. Олардың барлығы көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары. Сапарды Қарағанды қаласының білім бөлімі қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.

«Домбырашы қызымыз Зейнел Ұлжан Прагада жеңімпаз атанды. Ол байқауда 1-орынды иеленіп, үздік ұлттық киімі үшін грамотамен марапатталды. Ол басқа да жүлдегерлермен бірге 2018 жылдың қазан айында Санкт-Петербургте өтетін «Таланттар отшашуы» халықаралық жобасының  VIII суперфиналына қатысады», - дейді №1 өнер мектебінің директор школы Анастасия Бермичева.

Ұлжан №1 өнер мектебінде 6 жасынан бері білім алып келеді. Ол вокал бөлімшесі мен қазақтың ұлттық аспаптары бойынша домбыра бөлімшесін бітірген. Қазір ол салалық сыныпта оқиды, әрі колледжге түсуге әзірленуде. Сондай-ақ Ұлжан - көптеген байқаулардың жүлдегері. Мысалы, «Күншуақ» (Алматы) халықаралық байқауының Гран-при иегері, «Жұлдызды жоба» (Қарағанды) халықаралық байқауында 1-орын, «Ақ көгершін» (Астана) халықаралық байқауында 1-орын, «Рух» (Қарағанды) халықаралық байқауында 1-орын алған.

Сонымен қатар, өнерпаз жас қарағандылықтарға Варшава (Польша), Вена (Аустрия), Прага (Чехия) қалаларының тарихи жерлеріне экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылды.

Автор: Гүлзат Сахова

Соңғы жаңалықтар