Қарағандылық дәрігерлер туралы мәліметті интерактивті картадан көруге болады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жас медициналық кадрлар туралы барлық ақпарат жинақталған интерактивті карта жасалды. Оның көмегімен медициналық университеттің түлегі қандай ауруханаға немесе емханаға жұмыс істеуге келетінін білуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында жұмыс істейтін жаңа медициналық қызметкерлер, енді GOOGLE-картада көрінетін болады. Оны өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы жасады.

Картадан дәрігердің аты-жөнін, мамандығын, сондай-ақ ол бекітілген медициналық ұйымды көруге болады. Сауалнама мәліметтерінен басқа, дәрігер профилінде мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат көрсетілетін болады.

«Мемлекет жас дәрігерлерге елеулі әлеуметтік қолдау көрсетуде. Мысалы, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша 100 АЕК көлемінде көтермеақы төлеу, тұрғын үй беру, отбасы мүшелерін жұмысқа орналастыру қарастырылған. Сондай-ақ, кейбір медициналық ұйымдар өз бюджетінен қосымша көтермеақы төлейді», - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Әзірге картаға 57 дәрігердің деректері енгізілген. Олар емханалар мен ауруханаларда жұмысқа кірісті. Жыл соңына дейін облысқа 446 маман келеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар