+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қарағандылық дәрігерлер ауыл-аймақта көшпелі консультация ұйымдастырады

2021 жылғы 15 мамыр 12:56
Бөлісіңіз:
Қарағандылық дәрігерлер ауыл-аймақта көшпелі консультация ұйымдастырады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында шалғай қалалар мен аудандардың тұрғындары тұрғылықты жерлерінде білікті медициналық көмек ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен АҚШ әскери медицинада IT-технологияны қолдану мәселесін талқылады Семейде еліміздегі тұңғыш радионуклидтік терапия бөлімшесі ашылды Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 260-қа жуық адам коронавирус жұқтырған

Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың мамандары мамыр-маусым айларында көшпелі кеңес беруді жоспарлап отыр.

Олар Осакаров, Қарқаралы, Жаңаарқа аудандарын, Жезқазған және Балқаш қалаларын аралайды.

Көшпелі бригадаларға травматологтар, хирургтар, невропатологтар, окулистер, ЛОР-дәрігерлер кіреді.

Дәрігерлердің сапар кестесі мынадай:

- Жаңаарқа ауданы – 17 және 18 мамыр (хирург – Жасұлан Хасенов, анестезиолог – реаниматолог - Станислав Бошков);

- Жезқазған – 17 және 18 мамыр (ересек пациенттерге арналған травматолог-ортопед – Манас Әміров, балаларға арналған травматолог-ортопед – Ерлан Айтмағамбетов);

- Осакаров ауданы – 7 маусым (офтальмолог – Кира Делибораниди, отоларинголог – Айдан Мусин, ересек пациенттерге арналған травматолог-ортопед – Алексей Тарасюк, балаларға арналған травматолог-ортопед – Ерлан Айтмағамбетов);

- Қарқаралы ауданы – 14 маусым (офтальмолог – Маржан Аркен, отоларинголог – Руслан Абдуғаниев, ересек пациенттерге арналған травматолог-ортопед – Алексей Тарасюк, балаларға арналған травматолог-ортопед – Ерлан Айтмағамбетов);

- Балқаш – 21-22 маусым (невропатолог-эпилептолог – Сацита Висурханова, невропатолог-паркинсолог – Елена Чернецкая, ересек пациенттерге арналған травматолог-ортопед – Алексей Тарасюк, балаларға арналған травматолог-ортопед – Ерлан Айтмағамбетов).

Мақажанов атындағы клиника әкімшілігі аудандық және қалалық ауруханаларда қабылдау күні мен уақытын нақтылауды сұрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT