Қарағандылық барымташы Ақмола облысынан 50 жылқы ұрлаған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Қорғалжын ауданы аумағынан 50 жылқы ұрлаған қарағандылық барымташы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 26 қарашада Қорғалжын аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Шалқар ауылының 41 жастағы тұрғыны хабарласып, далада жайылып жүрген 50 жылқысының жоғалғанын айтқан. Мал иесіне келтірілген шығын көлемі 14 миллион 50 мың теңгені құрады. Осыған байланысты ҚР ҚК 188 бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

«Жедел іздестіру шарасы барысында жоғалған жылқының 28-і Қарағанды облысындағы Нұра ауданының Амантау ауылы маңындағы қыстақтан табылды. Мал ұрлығына күдікті осы ауданының 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Анықталғандай, күдікті ұрлаған жылқыларының біразын сатып жіберген. Сондай-ақ, біреуге ақша қарыз болып, ақшаның орнына жылқы берген», - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу шаралары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар