Қарағандылық ауыр атлеттер Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық спортшылар ересектер арасындағы жекелеген жаттығуларда ауыр атлетикадан Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды. Артем Антропов күміс, Айша Омарова қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия чемпионаты Чинджуда (Оңтүстік Корея) өтті. Құрлықтық біріншілікке 31 елдің ең мықты спортшылары қатысты.

Қарағанды облысынан ұлттық құрама құрамында үш ауыр атлет – Артем Антропов, Айша Омарова және Любовь Ковальчук өнер көрсетті. Барлық спортшылар – халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, облыстық кешенді БЖМСМ тәрбиеленушілері. Олар ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Иван Снегуровтың басшылығымен жаттығады.

Артем Антропов 109 кг салмақ дәрежесінде 227 кг нәтижесімен серпілісте екінші орынды иеленді. Қоссайыс сомасында (серпілісте 172 + 227 = 399 кг) Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Айша Омарова 87 кг салмақ дәрежесінде 127 кг нәтижесімен үшінші орынға, ал жалпы есепте (227 кг) төртінші орынға ие болды. Любовь Ковальчук – төртінші орында.

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындары қарсаңында іріктеу турнирі болып есептеледі.


Соңғы жаңалықтар