Қарағандылық 3 жасар қызының өліміне дәрігерлерді кінәлайды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды ауруханасында көз жұмған 3 жасар Айзере Какармановның ата-анасы қайғылы оқиғаға дәрігерлердің салғырттығы себеп болды деп есептейді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«Біз Қарағанды инфекциялық ауруханаға 23 желтоқсанда жөтелмен түстік. 28 желтоқсанда бронхитті емдеп, ауруханадан шығуға дайындалдық. Алайда қызым құса бастады. Дәрігерлер мұны тамақтан уланды деп қорытынды жасап, асқазанын шайды. Ол құсуын тоқтатты, сосын іші өте бастады», - дейді көз жұмған сәбидің анасы Диана Какарманова.

Ем-дом жасалса да баланың қызуы түспей қойған.

«Мен 30 желтоқсан күні қолхат жазып емханадан шығып кеттім. Өйткені дәрігерлердің емі нәтижесіз болды. Алайда дәл сол күні біз жедел жәрдем көлігімен тағы да осы ауруханаға түстік. Өкінішке орай, оны ешкім өлімнен құтқарып қала алмады. Мен бізге көрсетілген медициналық қызметтің қаншалықты сапалы болғандығын білгім келеді», - дейді Диана.

«Баланың нақты неден көз жұмғандығы медициналық сараптамадан кейін белгілі болады», - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін біз Қарағанды облыстық инфекциялық ауруханасында  үш жасар қыздың жұмбақ жағдайда көз жұмғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар