Қарағандылық 11 жасар қыз лифтте мысықты аяусыз соққылаған

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі лифтте жасөспірім жануарды азаптады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде мысықтың соққыға жығылған сәтінің видеосы жарияланды. Болжам бойынша, оқиға Алматыдағы «12 ай» сауда үйінің бірінде болған.

Ақпаратты Алматы қаласы полиция департаменті растады.

«Аталған факті бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі тексеру жүргізді. Құқық бұзушылықты ата-анасымен бірге Қарағанды ​​қаласынан туыстарына қонаққа келген 11 жасар қыз жасағаны анықталды. Басқа да жағдайлар анықталған. Бұл ретте құқықтық баға беріледі», - деп түсіндірді полицейлер.


Соңғы жаңалықтар