Қарағандыға ЕҚЫҰ халықаралық байқаушылары келді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясының байқаушылары Мартин Россман мен Камиль Форимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық байқаушылар Қарағанды өңірінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы күніне дейін жұмыс істейтін болады. Дауыс беруге дейін олар сайлау учаскелерінің дайындығын бақылап, сайлау алды жағдайын бағалайды.

Қазіргі таңда Қазақстанда ЕҚЫҰ-нан 22 ұзақ мерзімді байқаушы жұмыс істейді. Бұған қоса 9 маусымға дейін елімізге қысқа мерзімді байқаушылар да келеді. Олар сайлау учаскелерінде дауыс беру барысын және дауыстарды санауды қадағалайды.

Біздің өңірде халықаралық байқаушылар Қарағанды, Теміртау және Шахтинск қалаларындағы сайлау учаскелерінің жұмысына қатысуды жоспарлап отыр.

Сайлау күні Қазақстанда 200-ден астам шетелдік байқаушы жұмыс істейтін болады.

«Қазір біз сайлау комиссияларымен, қалалар мен аудандардың әкімшілік өкілдерімен кездесіп жатырмыз. Ал елордада біз Президент лауазымына кандидаттармен және штаб мүшелерімен кездесулер өткіземіз», - деп түсіндірді Мартин Россман.

Ерлан Қошанов миссияға қатысушыларға Қарағанды облысы туралы және сайлауға дайындық туралы айтып берді. Өңірде сайлаушылар тізімі жаңартылды - жаңа тізімде 938 мың адам бар. Олар үшін 787 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Әрқайсысына мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттілігі ескерілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында кәсіпкерлер қауымдастығы базасында шетелдік байқаушыларға көмек көрсету орталығы құрылды. Бұл жерде оларға өңір бойынша трансфер, баспасөз конференцияларын өткізу және жұмыс істеу үшін алаңдар ұсынып, қажетті түсініктемелер беріп, тіпті бос уақытын ұйымдастыру да қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар