Қарағандыдан Екібастұзға көмектесуге тағы 70 маман аттанды

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдан осымен жетінші күн жылусыз отырған Екібастұз қаласына қалпына келтіру жұмыстарына ат алысу үшін құрылыс және коммунальдық кәсіпорындардың бір топ қызметкері аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев Instagram-дағы парақшасында Екібастұзда жылумен қамтуды қалпына келтіру үшін Қарағандыдан 70 маман жолға шыққанын жазды.

«Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша құрылыс және коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлерінен бригада құрылды. Күндіз қажетті құралдармен және техникамен толық жабдықталған мамандарымыз Екібастұзға аттанды. Қазіргі уақытта олар қажетті жұмыстарға кірісті. «Энергоцентр» ЖШС,»Қарағанды Су» ЖШС, қаланың құрылыс компаниялары мен барлық қарағандылықтарға шын жүректен алғыс айтамын», - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Екібастұзда жылуды қалпына келтіру жұмысына 484 адам жұмылдырылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар