Қарағандыдан бір тәулікте 12 мың текше метрден астам қар шығарылды

None
Фото: Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшілірді. Соңғы тәулікте шаһардан 12 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кешеден бері Қарағандыдатолассыз қар жауып жатыр. Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы жұмыс режиміне көшті.

«Ауа-райы өз ережелерін орнатуда, ал біз жұмысты жалғастырып жатырмыз. Бүгінде қарды тазарту үшін барлық техника мен жол жұмысшылары жұмылдырылды. Тәулік бойы тазалау, қар шығару, жолдарға құм себуді тоқтатпай жасап жатырмыз Біз әдеттегідей тәулік бойы жұмыс істейміз», - дейді қала әкімі Мейрам Кожухов.

Қала әкімдігінде жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Біріншіден, техника жолдар мен тротуарлардан қарды сыпырады. Содан кейін қар үйінділері тазаланып, қаланың сыртына шығарылады.

Бұл жұмыстар үшін Ә.Бөкейхан ауданында 68 жол жұмысшысы мен 75 арнайы техника жұмылдырылды. Бір тәулікте 2670 м3 қар шығарылды.

Қазбек би ауданында қар тазалау үшін 164 бірлік техника мен 127 жұмысшы тартылды. Өткен тәулікте шамамен 9763.32 м3 қар шығарылды. Аудан аумағында бес мердігер ұйым жұмыс істейді.

Бірінші кезекте олар автобус маршруттары өтетін негізгі магистральдарды қардан тазартады, қоғамдық көлік кіретін аялдама қалталарын, тротуарларды, жаяу жүргіншілер өткелдерін және т.б. тазалайды.


Соңғы жаңалықтар