+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Қарағандыдағы YDDCorporation форроқорытпа зауытындағы екінші пеш іске қосылды

2019 жылғы 1 қараша 21:17
Бөлісіңіз:
Қарағандыдағы YDDCorporation форроқорытпа зауытындағы екінші пеш іске қосылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыда YDD Corporation ферроқорытпа зауытының екінші пеші іске қосылды. Ол жылына 60 мың тоннаға дейін ферросилиция өндіру қабілетіне ие, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар жаңа отандық көліктерді көбірек сатып ала бастады Шу ауданында фри картобын өндіретін зауыт салынады Мырзахметов Үкіметтен отандық кәсіпорындарды қолдау саясатын қатаң бақылауды сұрады

Зауыттың табысты даму қарқыны ферросилиция өндірісінің отандық көшбасшысы және металлургия саласының кілті болуға мүмкіндік береді.

Жалпы, зауыттың біріншікезеңі өндірісінің жалпы көлемі 180 мың тоннаны, екінші кезеңі 240 мың тоннанықұрайды.


Бұл зауыт жақында ашылған болатын, алайда бүгіннің өзінде екінші пеш іске қосылды. Облысымызды таныстырған кезде, біз бірқатар ірі кәсіпорындар, соның ішінде облыстың жаңа брендіне айналған YDD Corporation ферроқорытпа зауыты туралы міндетті түрде айтамыз, – деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек бүгін өндірістің жаңа кезеңін іске қосу салтанатында сөйлеген сөзінде.

YDD Corporation акционері Ерлан Нығматулин жаңа пешті іске қосу жоспарланған кестеге сәйкес жүргізілгенін атап өтті. Ол өз әріптестеріне, кәсіпорын құрылысын және іске қосуға қатысқан Қазақстан мен басқа да елдердің мамандарына қажырлы еңбектері үшін алғысын білдірді.


Үкіметке және облыс әкіміне бізге, инвесторларға үлкен көмек көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді. Бұл зауыт–өңірдегі және жалпы елдегі инвестиция үшін барлық жағдай жасалып жатқанының бірден бір көрінісі. Біз бұл жұмыс жалғасын табатынына және болашақта да кәсіпорындарды аша алатынымызға сенімдіміз, - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ іске қосу рәсімінде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Думан Әубәкіров сөз сөйледі. Ол екінші пешті сәтті іске қосу, зауыттың дамуы инвесторлардың, құрылтайшылар мен қызметкерлердің үйлесімді жұмысын көрсететінін атап өтті. Осының бәрі Қазақстанды ферросилицияны экспорттайтын отандық және әлемдік көшбасшылардың бестігіне шығарады, - деп атап өтті ол.

Жоба республикалық Индустрияландыру картасына енгізілген. Зауытты салу кезінде индустрияландыру 4.0 бағдарламасының параметрлеріне сәйкес келетін әлемдік деңгейдегі технологиялар қолданылды. Өндіріс заманауи сандық технологиялармен жабдықталған.

Бүгінгі күні бұл әлемдегі ең экологиялық таза кәсіпорындардың бірі. Атап айтқанда, зауытта орнатылған газ тазарту жүйесі әлемде теңдесі жоқ және ауаны тазартудың жоғары деңгейін, атап айтқанда 99,8%-ға дейін тазаруын қамтамасыз етеді.

Бұл газ тазарту жүйесінің кешені шаңды өндірістен ұстап қалып, оны құрылыс өнеркәсібінде қолданылатын Микрокремнезем қосалқы затына айналуының арқасында қол жеткізілетін процесс. Атап айтқанда, бұл материал жоғары мөлшердегі цемент, бетон және т. б. өндіру үшін пайдаланылады.


Дайын өнімді өндіру кезінде қазақстандық қамту үлесі 94%-дан астамды құрауы өте маңызды фактор болып табылады. Барлық қажетті шикізат базасы - көмір, кварцит, окалин отандық кәсіпорындармен жеткізіледі.

Ферросилиций зауытының өнімі толығымен экспортқа бағытталған.

Іске қосу басталғаннан бері 6 мың тоннаға жуық өнім өндіріліп, шамамен 60 мың тонна өнім өндірілді және 380 жұмыс орны құрылды. Жобалық қуатқа шыққан кезде бұл көрсеткіш 550 адамға дейін артады, бұл өз кезегінде қаланың және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына жағымды әсер етеді.

Барлығы жобаны жүзеге асыруға 35 млрд теңге инвестиция салынды. Осындайа уқымды кәсіпорын «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қолдауымен құрылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT