Қарағандыдағы триатлон-паркте Геннадий Головкинге Даңқ жұлдызы орнатылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыдағы триатлон-паркте Геннадий Головкиннің Даңқ жұлдызы орнатылды. Украиналық Сергей Деревянченконы жеңген боксшыға жерлестері осындай сый жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстан кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, Даңқ жұлдызының орнатылуына Олимпиаданың қола жүлдегері, жеңіл атлет Дмитрий Карпов пен құрылыс компаниясының бастығы Айдос Мұқатаев қатысқан. Траитлон-паркті салып жатқан құрылыс компаниясының басшылығы «Даңқ жұлдызын орнату – Геннадий Головкинге деген құрмет» екенін атап өтті.

«Біздің отандасымыз әрі жерлесіміз GGG Қазақстанның туын тағы да биікте желбіретіп, IBF және IBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы белдігін өзіне қайтарып алды. Дәл осы күні біздің құрылыс компанияның басшысы Айдос Мұқатаев пен Олимпиаданың қола жүлдегері, жеңіл атлет Дмитрий Карпов Геннадий Головкиннің атындағы тұңғыш Даңқ жұлдызын қалады. Біздің өңірімізден ел атын асқақтатар чемпиондар тағы шығарына сенімдіміз», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен болатын. Осылайша, орта салмақ санатында IBF және IBO тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы титулын иеленді.

Соңғы жаңалықтар