Қарағандыдағы сайлау учаскелерінде Геннадий Головкин - Стив Роллс айқасы көрсетілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық боксшы мен канадалық Стивом Роллстың жекпе-жегін кеншілер шаһарында сайлау учаскелерінде көрсетті. Былғары қолғап шеберлері кездесуінің көрсетілімі дауыс беру өткізілген бірнеше жалпы білім беретін мектептерде ұйымдастырылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Геннадий Головкиннің жекпе-жегі үлкен экранда бірінші болып Майқұдық шағынауданындағы боксшы оқыған №65 мектепте көрсетілді. Спорт залында екі үлкен экран орнатылды, ал қабырғалар спортшыға ізгі тілектер жазылған плакаттармен безендірілді.null

-Бұл біздің мектебіміздің оқушылары мен дауыс беретін олардың ата-аналары үшін жасалған шара. Біз сайлауға келгендер күресті тамашалауға да ниет білдірер деп шештік. Еліміздің болашақ президенті үшін дауыс бергеннен кейін көптеген адамдар сүйікті боксшысына қолдау көрсету үшін спорт залында қалды, - деді №65 мектептің директоры Нұрбол Күнеділов.null

Жерлесіміздің қатысуымен өткен жекпе-жекті көруге тек сайлаушылар ғана емес, сонымен қатар мектеп оқушылары да жиналды. Олар тіпті қолдан жасалған баннерлер дайындаған екен.

- Мен осында дауыс беруге келдім,мұнда жекпе-жек көрсетілетінін білдім. Маған үлкен экранда, бір топ жанкүйерлермен бірге Головкиннің шайқасын тамашалау ұнады. Менің ойымша, бұл жерде жерлесімізге қолдау көрсету жақсы идея. Бұл патриоттық рухты көтереді, - деді 14-ші шағынауданның тұрғыны Есенбай Разақов.

Қарағанды облысында 938 мың сайлаушы бар. Олар үшін 787 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар