Қарағандыдағы «Сарыарқа» АЭА-ның аумағында патрон зауытын салу жоспарланып отыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Үйлестіру кеңесінің бірқатар жаңа жобалар қарастырылған индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын (ИИДМБ) іске асыру бойынша отырысын өткізді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Отырыста жобалардың үш тобы қарастырылды - Индустрияландыру картасына енгізуге кеңес етілген жобалар, «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының қатысушылары ретінде тіркеу үшін, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында іске асырылып отырған жобалар», - делінген хабарламада.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері Индустрияландыру картасына екі жобаның енгізілуін мақұлдаған. Бұл «ҚазГазБлок» ЖШС-нің жылу блоктарын шығару зауыты және «кеспе, құрылыс материалды және инерттік шаңды шығаратын «Қазстроймарт 2050» ЖШС.

«Бұл жобалар ИИДМБ-ның басымдықтарына сәйкес келеді. Екінші жобаның оған қоса бас бостандығынан айыру орындарында жүрген азаматтарды жұмыспен қамту сияқты әлеуметтік аспектіге ие болып отыр», - деп атап өтті Н.Әбдібеков.

Жауапкершілігі шектеулі үш серіктестік «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймаққа қатысуға өтінімдерін берді. Бұл «Стил Мануфэктуринг», «Станкострой» және «Сэвен рефректориз» компаниялары.

«Стил Мануфэктуринг» ЖШС құны 24 млрд. теңгеден асатын «Қазақстандық патрон зауыты» инвестициялық жобасын ұсынды.

Тағы екі жоба - «ГМБ (газдандырылған модельдер бойынша балқыту) технологиясын қолдану арқылы болат және шойын балқыту өндірісі» және «Күймейтін материалдар өндірісі бойынша зауыттың құрылысы» мақұлданды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында іске асырылып отырған жобалардың арасында Қарағандыдағы «Сарыарқа» және «Ботагөз» кинотеатрларын сатып алу және жаңғырту», Бұқар жырау ауданында «Березняки» шипажайын жаңғырту және қалпына келтіру», Балқашта «Композиттік материалдардан кәріз люктерін шығару» және тағы басқалары бар. Кейбір басқа жобалар бойынша банк несиелерін субсидиялау мерзімдері ұзартылған», - деп ақпараттандырды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Отырыс қорытындылары бойынша аймақ басшысы өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасына бірінші топтың жобаларын аймақтық Индустрияландыру картасына енгізуді тапсырды. Кәсіпкерлік басқармасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында мақұлданған жобалардың тізімін «Даму» қоры мен екінші деңгейдегі банктерге, сәйкестендірілген процедураларды өткізу үшін қала және аудандар әкімдіктеріне жолдау тапсырмасын алды.

Соңғы жаңалықтар