Қарағандыдағы мүгедек жандарға арналған басылымның таралымы ұлғаяды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Мүгедек жандарға арналған басылымды шығарып отырған мүмкіндікгі шектеулі азаматтар Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен газеттің таралымын ұлғайтуды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының жеке мәселелер бойынша қоғамдық қабылдауында болған «Рахмет» қоғамдық бірлестігі мен мүгедектерге көмек көрсету орталығының төрағасы Нұрғали Жүнісбеков Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтен көмек сұрады.

«Мен шахтада алған жарақатымнан бірінші топтағы мүгедек болып қалдым. Төрт жыл бойына жұмыс іздеп, одан нәтиже шықпады. Менің мүгедектік тобым жұмысқа қабілетсіз. Осыдан соң өзім сияқты бір топ азаматтар жиналып, «Рахмет» атты қоғамдық бірлестік құрдық. Біз мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап, пайдалы материалдар жазамыз. Біздің басты мақсатымыз - мүгедек жандардың жұмыспен қамтылуына қолдау көрсету»,-деді Нұрғали Жүнісбеков.

Басылым жарнама берушілер тарапынан қаржыландырылады. Алайда бұл қаржы жеткіліксіз.

«Бұл қаржы басылымды айына екі рет шығаратын баспахананың шығындарын өтеуге және басылымды тарататын үш мүгедек жанның жалақысын төлеуге жеткіліксіз. Егер біз басылымның таралымын 10 мыңға жеткізсек, жарнама берушілердің бізге көңілдері ауатын еді. Соның есебінен жүздеген газет таратушыларды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады»,-деді қоғамдық бірлестіктің басшысы.

Сондай-ақ ол басылымның таралымы үшін қажетті 3 миллион теңге бөлуге мүмкіндік жасауды тапсырды. Облыс әкім болса, қаржы мәселесі бойынша көмек көрсететінін айтты.

«Үш миллионда табамыз. Сіздер өте пайдалы жұмыспен айналысып отырсыздар»,-деді өңір басшысы.

Соңғы жаңалықтар