Қарағандыдағы қала тұрғындарына дәрігерлер тегін кеңес берді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыдағы сауда үйлердің бірінде қала тұрғындары дәрігерлердің тегін кеңесін алды. Қарағандылықтарды мамандар «Біз денсаулықты таңдаймыз!» акциясы аясында қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келушілерге жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевтер, педиатрлар, салауатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану бойынша мамандар кеңес берді. Мұнда адамдар қан қысымын, салмағын, бойын, қант пен холестеринін тегін өлшете алды. Жарты күнде акцияға облыс бойынша 2,5 мың адам келіп қатысты, дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қабылдауды «Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдарының одағы» ЖҚБ қолдауымен № 1, №3 және №4 емханалардың дәрігерлері жүргізеді.

Акция аясында сондай-ақ қарағандылықтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы баяндалады.

«Біз денсаулықты таңдаймыз!» акциясы бүгін Қарағанды облысының Саран, балқаш, Теміртау, Жезқазған және Абай қалаларында да ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар