Қарағандыдағы халықаралық айтысқа 4 ел ақындары қатысады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласында ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына және Жастар жылына арналған халықаралық айтыс өтеді. Бұл туралы облыс әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айтысқа Қазақстан, Монғолия, ҚХР және Қырғызстан ақындары қатысады деп күтілуде.

«Қарағанды облысының намысын Мақсат Аханов, Айтбай Жұмағұлов, Дидар Камиев және Төлеген Жаманов сынды белгілі ақындар қорғайды», - деді әкімдіктен.

Кеш жүргізушісі – «Халықаралық айтыс және жыршы-термеші одағы» РҚБ төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман. Қазылар алқасының төрағасы – Еңбек Ері, ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімов. Алқа құрамына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, ҚР халық ақыны Әсия Беркенова, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ғалым Жайлыбай және басқа да мәдениет қайраткерлері кірді.
халықаралық айтыс 18-19 қыркүйек күндері С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында өтеді. Кіру – тегін.
Шараны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Nur Otan» партиясының қолдауымен Қарағанды облысының әкімдігі ұйымдастыруда.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Nur Otan» партиясы, «Qazaqstan» РТРК және «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Үшжақты келісімге сәйкес, жыл соңына дейін «Nur Otan» партиясының қолдауымен еліміздің бірнеше аймағында өтетін барлық айтысқа «Qazaqstan» телеарнасына ақпараттық қолдау көрсетеді.

Аламан айтыстар еліміздің 4 өңірінде өтетіні жоспарланған:

- 12-13 қыркүйекте Атырау қаласында Фариза Оңғарсынованы еске алуға арналған «Жыр жұлдызы – Фариза» атты республикалық айтыс;

- 18-19 қыркүйекте Қарағандыда Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыс;

- 30 қыркүйекте Алматыда «Отан отбасынан басталады» атты отбасылық айтыс;

- 19 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында «Береке бірлігіңде, елім» тақырыбындағы айтыс.

Биыл өтетін жыр бәйгелерін Орал қаласында 7-8 желтоқсанда өтетін «Алтын домбыра» республикалық фестивалі түйіндейді.






Соңғы жаңалықтар