Қарағандыдағы бұрынғы әскери қалада эко-ауыл, демалыс аймақтары салынады

None
None
ПРИОЗЕРСК. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Приозерск қаласында туризм саласында бірнеше жоба жүзеге асырылуда. 2020 жылы екі демалыс аймағы, эко-ауыл үлгісінде кешен ашу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балқаш Туризм 2019» форумы аясында қазақстандық және ресейлік турагенттер мен туроператорлар Приозерск қаласы туралы мәлімет беретін ақпараттық турға қатысты. Қатысушылар Балқаш курорттық аймағына кіретін қаламен танысты. 15 жыл бұрын Приозерск жабық әскери қала болатын. Қазір ол Сары-Шаған полигонының әкімшілік орталығы болып табылады.

Қонақтар полигонның мұражайы орналасқан жергілікті офицерлер үйін көрді. Содан кейін олар «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешенінде болып, қызметтермен танысты. Қала әкімі Қайрат Қамзин Приозерск аймағының тұсаукесерін өткізіп, өңірдің туристік әлеуетімен таныстырды.

«Қалада бүгінде сыйымдылығы 260-қа дейін орынды қамтитын 229 жалпы нөмірі бар 6 қонақ үй жұмыс істейді. Сонымен қатар, туристер хостелдерге және шағын қонақ үйлерге қоныстана алады. 2014 жылдан бастап «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешені жұмыс істейді. Қаланың бас жоспары әзірленді. Ол егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген. Рекреациялық-сауықтыру секторының бос жатқан учаскелерінде демалыс аймақтарын салу көзделіп отыр», - деді ол.

Қала әкімі туристік нысандар құрылысына жер телімдері бөлінгенін де айтты.

«Демалыс аймағын салуға жер телімін бөлуді сұрап, бізге Алакөлде туристік объектілері бар кәсіпкер өтініш білдірді. Бұл мәселе шешілді және өткен жылы Балқаш Varadero кешенінің құрылысы басталды. Келесі жылы оны пайдалануға беру жоспарлануда», - дейді Қайрат Қамзин.

null Ол 2020-2021 жылдарға жоспарланған басқа да жобаларды атап өтті. Жаңа нысандар қатарында эко-ауыл үлгісіндегі кешен, тағы бір демалыс аймағы, екі қонақ үй бар.

«Гранит» қонақ үй кешені де кеңейтіледі. Өткен жылы бұрынғы жатақхананы қайта жаңартқаннан кейін қалада жұмысқа және демалысқа келетіндерге арналған жайлы қонақ үй ашылған болатын. Жоба «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша «Даму» қоры арқылы несиені субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдауға ие болды. Ал қазір кәсіпкер қонақ үйін әрі қарай жетілдіруді жоспарлап отыр.

Қала әкімінің айтуынша, соңғы жылдары туризм саласындағы қызметтердің өсуі байқалады. 2018 жылы бұл сала бойынша көрсеткіш 115 млн теңгені құраған.null

Соңғы жаңалықтар