Қарағандыдағы бұлақ суының құрамында нитрат тым көп болып шықты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының аумағындағы бұлақ суының құрамынан нитраттың жоғары мөлшері анықталып, оны пайдалануға тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Ұлттық сараптама орталығының Қарағанды облыстық бөлімшесі санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық зерттеу жүргізіп, соның нәтижесінде Бабушкин көшесіндегі ұңғымада нитраттың жоғары екендігі расталды», - деп түсіндірді Қарағанды облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілер.

Бұдан бөлек, нитраттың нормасы 45 мг/л болса, ұңғымадағы судың құрамында 56,5 мг/л екендігі анықталды. Көпжылдық зертханалық деректер бойынша, ұңғымадағы су сапасының нашарлауы көктем-жаз маусымында байқалған.

Ведомствода түсіндіріп өткендей, тұрғындарға бұл суды ішуге тыйым салынды. Нитрат адам ағзасында бірқатар қауіпті ауруларды туғызуы мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар