Қарағандыдағы Батырлар аллеясы жаңа естелік тақталармен толықты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыдағы Батырлар Аллеясына Екінші дүниежүзілік соғысына қатысушылар - Кеңес Одағының Батырлары есімі жазылған тағы 14 мемориалдық белгі орнатылды. Жаңартылған аллеяда облыс әкімі Жеңіс Қасымбек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аллеяда алғашқы тақтайшалар 80-ші жылдары орнатылды. Сол кезде тек Қарағанды облысынан ғана майданға аттанған Кеңес Одағының 20 батырының есімі мәңгі естелік ретінде жазылған болатын. Жеңістің 75 жылдығына орай «Мәңгілік алаудың» Жауынгерлік Даңқ мемориалдық ансамбліне біріккен Қарағанды жән Жезқазған облыстарының барлық батырларының есімдерін біріктіру туралы шешім қабылданды. Жаңа ескерткіш тумбалар бұрын орнатылғандарға ұқсас етіп жасалған. Олар сондай-ақ қола жазуы бар гранитті тастан қашалған. Естелік белгілерді жасау үшін екі ай бойы облыстық Суретшілер одағы еңбек етті.

Қарағанды облысынан барлығы 45 мыңға жуық адам майданға аттанған. Соғыс алаңында 18 мың адам қаза тапты. Бүгінгі күні облыста 64 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады.



Соңғы жаңалықтар