Қарағандыдағы балалар үйінде робототехника және бағдарламалау мектебі ашылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат –Қарағандыдағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйінің тәрбиеленушілеріне робототехниканың қызықты әлемі ашылды. Меценаттардың бірі кабинетті толығымен жабдықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сабақтарды сертификатталған жаттықтырушылар жүргізеді. Жарты жыл ішінде не үйренгендерін балалар өздерінің алғашқы чемпионаттарында көрсетті.

«Өткен жылдың желтоқсан айында балалар үйінде сабақ бастадық. Робототехника кабинеті мекеме басшылығы мен демеушінің қолдауымен құрылды. Жиһаз, компьютерлер мен барлық қажетті жабдықтарды сатып алдық. Төрт топ – 25 бала жиналды. Жасы әртүрлі – 11 жастан 18 жасқа дейін.

Техникалық шығармашылыққа ұлдар да, қыздар да қызығушылық танытты. Бәрі ең қарапайымынан басталды: LEGO-құрастыру, Robot Mouse. Бірте-бірте міндеттер арта түсті. Бүгін чемпионатта балалар нәтиже көрсетуде. Бұл жарыс жоғары деңгейді игерген балаларға арналды», – дейді Қарағанды қаласының робототехника және RoboClub бағдарламалау мектебінің жетекшісі Елена Вафина.

Бағдарлама ең үздік жоба конкурсын, теорияны білуді, лабиринт қозғалысын бағдарламалауды, сондай-ақ сумо роботтарының жекпе-жегін қамтыды.

«Ешқандай жеңілдік болған жоқ. Оқу барысында балалар өз командаларында жұмыс істеді. Бүгін біз оларды әртүрлі командаларға бөлдік, яғни әдеттегі қалыптарынан айырдық. Әр жарыста күтпеген сәттер болуы мүмкін. Сондықтан бұл жерде командалық рух маңызды», – деді Теміртау қаласындағы Әубәкіров атындағы гимназия мұғалімі, судья Александр Дронов.

Балалар үйінде ол Arduino бағдарламалау сабақтарын жүргізеді. Осы технологияның көмегімен ақылды құрылғылар жасауды үйретеді.

Жеке дәрістерді техникалық жағынан дамыған екі жігіт – оныншы сынып оқушысы Андрей Довгаль және мектеп түлегі Александр Потапов алады.

Александрдың айтуынша, ол өзінің алғашқы қарапайым электронды құрылғысын 9 жасында жасаған. Ал қазір IT – саласындағы мамандыққа түскісі келеді.

Андрейдің пікірінше, робототехникамен айналысу тек техникалық білім ғана емес, сонымен қатар сенімділік сезімін де сыйлайды.

«Басында бұрын көрмеген жаңа нәрседен қорқыныш пайда болды. «Қолымнан ештеңе келмесе ше?» деген сұрақ туындады. Бірақ әр қадам өзіме деген сенімділікті арттыра түсті. Ми көп нәрсені қалайды және әрі қарай жүргісі келеді.

Мұқият болу керек, мәселенің шешімін табу керек. Егер алдыңызға мақсат қойсаңыз, оны соңына дейін жеткізу керек», – деп бөлісті жас бағдарламашы.

«Робототехника балаларға не береді?», - деген сауалға әлеуметтік жобаның қатысушысы, психолог Дарья Дьякова жауап берді. «Бұл қызықты және пайдалы ғана емес. Маман коммуникабельділік, зейін, логика, ойлау, қиял сияқты маңызды қасиеттердің дамуына ықпал етеді», - дейді ол.

Чемпионат қорытындысы бойынша тек үздік команда ғана марапатталып қоймай, сонымен қатар барлық қатысушылар жүлделер алды. Оларға ұялы телефондар, құлаққаптар және power bank сыйға тартылды.

Жоба әлі де жалғасуда.

«Жазғы демалыстан кейін сабақты қайта бастаймыз. Біздің мақсатымыз – балалар

халықаралық деңгейге дейін түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысуы үшін ары қарай қадам басу», – дейді Елена Вафина.


Соңғы жаңалықтар