Қарағандыдағы автосервисте тұрған 4 көлік өртеніп кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда автосервис орталығынан өрт шығып, 4 автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сағат 14: 39-да Балқаш көшесі, 15-ші үй мекен-жайында өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнына құтқарушылар 5 минутта жеткен. Өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері келген сәтте шаруашылық құрылыстарында автосервис ретінде бейімделген гараж жанып жатты. Өрт екі қабатты тұрғын үйге көшкен. Гаражда 4 өртенген автокөлік табылды. Оқиға орнында 42 адам, ТЖД 6 өрт сөндіру автоцистернасы жұмыс істеді», деді ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт аумағы 200 шаршы метрді құрады, оның 150 шаршы метрі автосервиске бейімделген гараж, 50 шаршы метрі тұрғын үй шатырының ағаш торлары, жақын маңдағы отын жанып кеткен. Өрт сағат 15:40-та сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.


Соңғы жаңалықтар