Қарағандыдағы апат: Зардап шеккен 8 кеншінің қал-ахуалы қалай екені айтылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазақстан» шахтасында шыққан өрттен жапа шегіп, ауруханаға жеткізілген кеншілердің қазіргі денсаулық жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мақажанов атындағы клиникаға 8 шахтер жеткізілді. Олардың 2-еуі реанимацияда жатыр, жағдайлары ауырлау, естерін біледі. Қалған 6 адам токсикология бөлімінде, олардың денсаулық жағдайлары орташа ауырлық дәрежеде», - делінген басқарма таратқан хабарламада.

Қарағандыдағы көмір шахтасында зардап шеккендердің арасында екі адам жансақтау бөліміне жеткізілгені туралы хабарлаған едік.

Айта кетейік, Президент «Қазақстан» шахтасында болған өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

«Үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізуді тапсырылды. Шетелдік компанияға тиесілі кәсіпорындарда жиі қайталанатын апаттар олардың инвестициялық және өзге де міндеттемелерін өрескел бұзғанын көрсетеді. Аталған жағдайлар олардың Қазақстан нарығында қызмет етуіне қатысты шешім шығаруға ықпал етеді», - деп баяндалған Мемлекет басшысының тапсырмасында.


Соңғы жаңалықтар