Қарағандыдағы «1000 ұсақ-түйек» сауда үйінен шыққан өрттің себебі белгілі болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы «1000 ұсақ-түйек» сауда үйінде болған ірі өрт оқиғасының себеп-салдары белгілі болды. Оқиға кезінде 180 шаршы метр аймақтағы бутиктер жанып кеткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру мен өрттен-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіру зертханасының сарапшылары өрттің сауда үйінің электр желісінің зақымдануынан шыққандығын айтты.

«Зақымданған электр желісі өрттің шығуының басты себепшісі. Қылмыстық заңбұзушылықпен байланысты, әдейі өртеу сияқты өзге факторлар анықталған жоқ»,-деп хабарлады Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаметінің баспасөз қызметі.

Қандай да бір материалдық құндылықтары өртеніп кеткен кәсіпкерлер қарым-қатынасқа келмей жатыр.

Айта кетейік, Қарағандыдағы «1000 ұсақ-түйек» сауда үйінен шыққан ірі өрт 14 маусым күні сағат 23-00-де болды. Дүкенді ашық жалын шарпыған. Сағат 23-55-те өрт ауыздықталды. Тағы 5 минуттан соң ол түгелдей сөндірілді.

Өрті сөндіру жұмыстарына 80 өрт сөндіру және арнайы техникасы жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер сауда үйі орналасқан 9 қабатты үйден 462 адамды шығарды. Жалын 180 шаршы метр аймақты шарпыған.

Соңғы жаңалықтар