Қарағандыда зымыран бөлшектерінен зардап шеккен екінші адам көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан «Союз 2.1а» зымыран тасығышының бөлінген бөлшектері құлауы салдарынан шыққан өртті сөндіру кезінде зардап шеккен ресейлік «Машина жасау ҒӨБ» кәсіпорының 49 жастағы қызметкері Вячеслав Тыц көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Еске сала кетейік, 2017 жылы 14 маусымда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан «Союз 2.1а» зымыран тасығышының бөлінген бөлшектері құлауынан Қарағанды облысы Ұлытау ауданында алқап өртенді. Төтенше жағдайдан «КамАЗ» машинасының жүргізуші Юрий Хатюшкин қаза тауып, оның әріптесі Вячеслав Тыц ауыруханаға жеткізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар