Қарағандыда жылу трассасындағы апаттың алдын ала себебі айтылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – «Теплотранзит» ЖШС басшылығы жер асты жылу құбырының не себепті жарылып кеткенін түсіндірді. Апат салдарынан Қарағандының 800-ден астам көпқабатты үйге жылу беру азайтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін сағат 13: 00-де диаметрі 800 мм М3 жылу магистралінде жедел ауыстырып қосу кезінде су беретін құбырда жарылыс болды, салдарынан 5А павильонын су басқан және Қарағандыдағы 814 көп қабатты үйге жылу беру азайтылды. «Теплотранзит» ЖШС басшылығының айтуынша, жылу энергиясын өшіру жүргізілмеген.

«Қазір резервтік магистральға ауысу жүріп жатыр және 3-4 сағат ішінде жылу және температуралық режім қалпына келтіріледі. Ақауларды жою осы ауыстырып қосу барысында жүзеге асырылады», - деді «Теплотранзит» ЖШС техникалық директоры Александр Акишин.

Компания қызметкерлері апаттардың сипатын анықтай алмай отыр, себебі жылу тасығыштың жоғары температурасы мен булану салдарынан қызметкерлер тікелей апат орнына жақындай алмауда. Оны құбыр толық босатылғаннан кейін және жылу камерасынан суды сорғаннан кейін ғана орнатуға және жоюға кірісуге болады.

«Қазір біздің міндетіміз - резервтік жылу магистраліне ауысу және қалпына келтіру гидравликалық температуралық режімі үшін қаланың барлық аудандарын ауыстыру. Сонан соң біз ақауды жоюға кірісеміз», - деді Александр Акиншин.

Жылу магистралінің күрделі бөлігі 25 жыл бұрын жөнделген екен. Биылғы жылы компания осы учаскені «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қайта құруға берді.

«Әзірге себептерді анықтау қиын. Бірақ біз жылу камерасында компенсатор болттары жатқанын көріп отырмыз. Және бұл нақты тұрғылықты мекені жоқ тұлғалар болттардың бөлігін бұрап, соның салдарынан сальник компенсаторы ашылып кетуі мүмкін деген күдік бар. Бізде бұл болттарды ұрлап, металл қабылдағыш нүктелерге тапсырған жағдайлар да болды», - деді «Теплотранзит» ЖШС техникалық директоры.

Жедел ауысу кезінде 5А павильонында апат болған орынға жақын жерде үш қызметкер: шебер және екі слесарь болған. Павильонды ыстық сумен басу нәтижесінде олар аяқ-қол жарақаттарын алды. Зардап шеккендер дереу ауруханаға жатқызылды.

«Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға 3 зардап шеккен адам жеткізілді. Жағдайларына тоқталар болсақ, 30 жастағы бірінші зардап шегуші ауыр халде, 50% терең күйік алған. Екінші 46 жасар зардап шеккен азамат 18% терең күйік және 27 жасар үшінші зардап шеккенді 12% күйік шалған», - деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

«Теплотранзит» ЖШС басшылығының айтуынша, зардап шеккендерді емдеуге қажетті төлемақыны сақтандыру компаниясы өтейтін болады, өйткені осы кәсіпорындардағы әрбір қызметкер сақтандырылған. Сондай-ақ, «Теплотранзит» тарапынан да көмек көрсетіледі.

Апатты жою және үйлерді қалыпты жылу режіміне қосуға келетін болсақ, компания 3-4 сағат ішінде ақауларды жоюға уәде беріп, көп қабатты үйлердің тұрғындары кешке дейін жылу беруді жоспарлап отыр.




Соңғы жаңалықтар