Қарағандыда жүк вагонының төбесінде селфи жасаған бала қаза тапты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жүк вагонының төбесіне шығып досымен бірге суретке түсуге әрекеттенген кезінде тоқ соққан 14 жастағы бала жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жасөспірімнің денесінің 63 пайызын күйік шалған. Оны ажалдан құтқару мүмкін болмады», - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Денесін аздап күйік шалған екінші бала ауруханадан шықты.

 Еске сала кетсек , 17 қарашада «Қарағанды-Пассажирская» теміржол стансасының жолында жүк вагонының төбесіне шыққан 14 жастағы екі баланы тоқ соққан.

Вагонның электр желілеріндегі тоқ кернеуі 27 мың вольт болған. Қауіп туралы білмеген жеткіншектер ерекше селфи жасамақ болып, күзеттен жасырына вагон төбесіне шыққан.

«17 қараша күні сағат 17:40-та станса жұмысшыларынан шақырту түсті. Электр тоғымен жарақат алған 14 жастағы екі бала ауруханаға жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар