Қарағандыда ЖОО студенттері мен оқытушылары ағылшын тілін тегін оқиды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды медицина университеті академик Шахмардан Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қорымен (Shakhmardan Yessenov Foundation) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қыркүйек айында ЖОО-да ағылшын тілінің екі жылдық бағдарламасы басталады. Қор осы бағдарламаға қатысуға үміткерлер арасында байқау өткізген болатын.

Нәтижесінде сарапшылар өңірлік жоғары оқу орындарынан келіп түскен 16 өтінімді қарастырды. Олардың төртеуі ақтық сайысқа шығып, нәтижесінде Қарағанды медицина университеті жеңімпаз атанды.
Қор директоры Айғаным Мәлішеваның айтуынша, ЖОО-ны жеңімпаз ретінде таңдауда оқу ордасының стратегиясы, бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған базасы, оқу бағдарламасы ықпал етті.
Қыркүйек айында бағдарламаға қатысушылар іріктеледі, ал қазан айында тілді үйретушілер оқытуды бастайды.
null

Екі жыл ішінде гранттар бойынша университет студенттері, оқытушылары, магистранттары және докторанттарынан құралған 160 адамды оқыту жоспарлануда.

null

Соңғы жаңалықтар