Қарағандыда жолаушылар автобусы мен үш жеңіл көлік соқтығысты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда екі жол талғамайтын көлік өзара соқтығысып, салдарынан автобус пен тағы бір көлікті қағып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25 ақпанда Қарағанды қаласының Көгілдір тоған шағынауданында 39 жасар «Toyota Highlander» автокөлігінің жүргізушісі «Mitsubishi Pajero» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, бірінші көліктің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. Салдарынан 4 көлік соқтығысқан, оның ішінде бір автобус бар. Зардап шеккен 3 адам облыстық медициналық орталыққа жеткізілді.

Полиция жол апатына қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар