Қарағандыда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 1 адам көз жұмды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында жеңіл көлік пен маршруттық автобус соқтығысып, салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

9 қараша күні Қарағанды қаласының Октябрь ауданында 30 жастағы BМW автокөлігінің жүргізушісі «Сетра» маркалы қоғамдық көлікпен соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша жеңіл көлік иесі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.


«Жол көлік оқиғасынан BМW автокөлігінің жүргізушісі оқиға орынында көз жұмды. Оқиға кезінде қоғамдық көлікте болған жолаушылардың ешқайсысы жарақат алған жоқ. Аталған факті полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ПД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар