Қарағандыда жол жөндеу жұмыстары қашан аяқталады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда қазан айының соңына дейін қала орталығында, Оңтүстік-Шығыста, Майқұдық, Пришахтинск, Михайловка және Федоровка аудандарында 16 жол ретке келтірілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық пен Оңтүстік-Шығыста төрт көше - Бұқар-Жырау, Чижевский, Сәрсеков, Комиссаров даңғылдары, Күнгей ықшам ауданындағы екінші көше, Степной 1, 2 және 3 ықшам ауданындағы жолдар, Ескі әуежай ықшам ауданындағы көшелер және Үштөбе кентіндегі жолдан Қуанышбаев көшесіне шығатын учаске жөнделеді.

Майқұдықта үш жол жөнделеді - Архитектурная, Күзембаев көшелеріндегі жолдар және 14 шағын ауданды әскери бөліммен байланыстыратын учаске.

Пришахтинск шағын ауданында орташа жөндеу жұмыстары Саран шоссесінде және Ишимская көшесінде жасалады.

Михайловкада Садоводов, Федоровкада Разрезовский және Депутатская көшелері қалыпқа келтіріледі.

Жөндеу жұмыстарын осы жылы қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Қарағандыда жолдарды орташа жөндеу қай уақытта аяқталады

(ауа райына байланысты мерзімдер өзгеруі мүмкін)

10 маусым - 14 ықшамауданнан әскери бөлімге дейін (Күзембаев көшесі)

20 маусым-Садоводов к-сі

30 маусым - Күзембев к-сі (Майлин көшесінен Орал көшесіндегі №1г үйге дейін)

10 шілде - Депутатская к-сі

31 шілде - Күнгей ықшамаудандағы 2-ші көше, Ишимская к-сі (№11 ОМ дейін), Сәрсеков к-сі, Чижевский к-сі, Комиссаров к-сі (Бұқар Жырау даңғылынан Ермеков көшесіне дейін)

31 тамыз - Разрезовская к-сі

30 Қыркүйек - Степной 1, 2 және 3 шағын аудандарындағы орамаралық жолдар, Үштөбе кентіне барар жолдан Қуанышбаев көшесіне шығатын жол бөлігі, Саран тас жолы (15 магистральдан №3 үйге дейін), Архитектурная көшесі (Магнитогорская көшесінен 17 маршрутқа дейін), Бұқар Жырау даңғылы (жол өтпесінен Гончарная көшесіне дейін).

31 қазан - Ескі әуежай ықшамауданындағы жол

Соңғы жаңалықтар