Қарағандыда жол апатынан жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда қоқыс таситын КАМАЗ көлігі мен Shacman маркалы жүк машинасы соқтығысып қалды. Жол апатынан жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға кеше кешкісін Қарағанды қаласының «Таугүл» шағын ауданында орын алды.

«Қарағанды облысы полиция департаментінің Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау туралы бірнеше рет ескертуіне қарамастан, өңірде жол-көлік оқиғалары жиі орын алуда. Мәселен, 19 шілде күні Қарағандыда сағат 19.00 шамасында «Таугүл» шағын ауданында тең мағыналы жолдардың қиылысында КАМАЗ (қоқыс тасушы) жүк көлігінің 41 жастағы жүргізушісі 23 жастағы ер адамның басқаруындағы Shacman маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Shacman жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар