Қарағандыда жол апатынан 3 адам зардап шекті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Майқұдық көпіріне барар жолда маршруттық автобус пен жеңіл көлік соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан 3 зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

33 жастағы «Киа» маркалы жеңіл көліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, маршруттық автобуспен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен бір жолаушы түрлі жарақат алған. Оқиға орнында болған куәгерлердің айтуынша, автобуста болған жолаушы әйел ауыр жараланған.

«Жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті. Біреуі - 1964 жылы туған әйел. Қарап шыққан дәрігерлер әйелдің кеуде сүйегі жараланып, іші соғылғанын және қабырғалары сынғанын анықтады. Ал 1986 жылы туған ер адам жабық бас сүйек-ми зақымын алған және тізе буынын жарақаттаған. Үшінші зардап шегуші - 1970 жылы туған ер адам төс сүйегін зақымдап алған. Барлығы Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді. Әйелді ауруханаға жатқызды», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 610-бабы 2-тарауына сәйкес, «Киа» көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік өндіріс басталған.

Соңғы жаңалықтар