Қарағандыда жол ақысын төлеудің электронды жүйесі қайта іске қосылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды тұрғындары мен қала маңына қатынайтын жолаушылар автобустарда жол жүру ақысын ONAY көлік картасымен төлей алады. Электрондық жүйенің жұмысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Интернет байланысын тұрақтандыруға байланысты валидаторлар мен «ONAY!» карталарының жұмысы жанданды. Жолаушылар жұмыс істемейтін терминалдар немесе жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу мүмкін болмаған фактілері туралы 42-59-79 жедел желі телефонына, сондай-ақ сall-орталыққа 50-60-50 нөмірі бойынша хабарлай алады.

Бұл ретте маршруттың, автобустың нөмірін, қолайсыздықтың нақты уақыты мен орнын көрсету қажет.

Зейнеткерлерге арналған қағаз жол жүру билеттері және әлеуметтік жол жүру билеттері жарамсыз. Ұстаушылар оларды карталарды тіркеу және сату орындарында ONAY көлік карталарына айырбастай алады.

Сондай-ақ қала маңындағы маршруттарда сараланған тариф енгізілгенге дейін көлік карталарымен жол жүру төлемі жол жүру қашықтығына байланысты қолма- қол ақшамен қосымша ақы төленеді, сондай-ақ экспресс-маршруттарда 6 мың теңгелік жол жүру билетімен ақы төлеуге болады.


Соңғы жаңалықтар