Қарағандыда жол ақысын төлеу жүйесі жаңа қызмет көрсетушілерге беріледі

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды автопарктері кореялық «Смарт Кард» ЖШС-мен келісімшартты бұзады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы компанияның жол ақысын төлеу картасын сатып алған қала тұрғындарына алаңдаудың қажеті жоқ. Оларға картаның жаңа қызмет көрсетушілерге береді. Сондай-ақ, қарағандылықтар «Смарт Кард» ЖШС картасын толтырмауы және сатып алмауы керек.

«2015 жылдан бастап «Смарт Кард« кореялық компаниясы Қарағандының қоғамдық көліктерінде жол жүру үшін электрондық төлем жүйесін енгізген. «Бірақ бүгінгі күні жүйе іске асырылмады: мерзімдер бірнеше рет бұзылды, компания электронды жол ақысын төлеудің соңғы күнін белгілемеді. Сонымен қатар, жолаушылар тарапынан шағымдар түсуде: балама төлем әдісі жоқ, диспетчерлеу орталығы жоқ, маршруттарды қадағалау жұмысы дұрыс емес және т. б.», - деп мәлімдеді Қарағанды қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары ТКШ бөлімі.

Жүйенің енгізілуі ұзаққа созылып кеткенін, сондай-ақ аяқтаудың мерзімі белгісіз болып отырғанын ескере келе, қала автопарктері 2020 жылдың 15 желтоқсанынан бастап шарттарды бұзу бойынша жұмысты бастады және «Смарт Кард» ЖШС атына тиісті хабарлама жіберді.

Электрондық төлем мәселелері бойынша қарағандылықтар 42-59-79 нөміріне хабарласа алады. Сондай-ақ +7 702 970 3806, +7 708 321 1096 WhatsApp нөмірлеріне хабарлама жіберуге болады.


Соңғы жаңалықтар