Қарағандыда жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, экипаж мүшелері көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды аэродромында шағын авиация санатындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сағат 16:25 кезінде оқу-жаттығу шараларын орындау кезінде қонуға бағыт алған FK14 «Полярис» типті жеңіл авиация ұшағы апатқа ұшырады. Апат Балапан әуеайлағында (Қарағанды) орын алды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 2 адамнан тұратын экипаж қаза болды», - делінген хабарламада.

Аталған авиациялық апат бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергеу бойынша басқарамасы тексеру шараларын бастап кетті.

Соңғы жаңалықтар