Қарағандыда жеңіл көлік қалааралық автобуспен соқтығысып қалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында жеңіл автокөлік 30-дан астам жолаушысы бар қоғамдық автобуспен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін, 5 маусымда Қарағанды қаласының Октябрь ауданындағы 15-ші Магистрал жолында «Ауди 80» автокөлігінің жүргізушісі Попов көшесіне қарай бағыт алып бара жатып, алдын ала болжам бойынша жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Қарағанды-Теміртау» бағытындағы жолаушылар автобусымен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан «Ауди 80» автокөлігінің жүргізушісі және оның жолаушысы, сондай-ақ автобустың бір жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Жол көлік оқиғасы кезінде автобуста 31 жолаушы болған.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар