Қарағандыда жемқорлықпен күрес бағытында «Адал ұрпақ» курсы ашылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда алғаш рет облыстағы білім беру ұйымдарының оқушыларына арнап сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыруды көздейтін «Адал ұрпақ» оқу курсы енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адал ұрпақ» курсының бағдарламасы жыл басынан бастап 5-11 сынып оқушылары үшін әзірленген және бағдарлама облыс мектептерінің білім беру жүйесіне енгізілді.

Бағдарламада тәрбие жұмыстарының заманауи технологиялары мен тәсілдері, жеке тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымының даму деңгейін зерделеу бойынша диагностикалық құралдар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың әдістемелік зерттеулері ұсынылған.

«Бағдарлама азаматтық сәйкестік пен оқушылардың өмірлік көзқарастарының қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстардың тиімділігі, жастарды рухани адамгершілік дамыту мен ұлттық құндылықтарды қадірлей білуге тәрбиелеу тұрғысынан маңызды. Мұндағы жаңашылдық - бағдарлама облыс мектептері үшін бейімділген алғашқы толыққанды құжат болып табылады»,-деді Қарағанды облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлмира Көлбаева.

Сонымен қатар аталған мектепте «Адалдық дүкенімен» қатар «Адалдық кітапханасы» жобасы да енгізілді. Олардың барлығы да адамдарға тән адалдық, тазалық, тәрбиелілік сияқты асыл қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар