Қарағандыда жедел жәрдем көлігі автобуспен соқтығысты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жедел жәрдем және автобус соқтығысып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицияның мәліметінше, жедел жәрдем жүргізушісі бағдаршамда қызыл белгі жанып тұрғанда бұрылмақшы болып, жолында кедергі жоқтығына көз жеткізбестен жүріп кеткен. Нәтижесінде жедел жәрдем жүргізушісі мен көлікте болған емделуші медициналық көмекке жүгінді.

«Төртінші желтоқсан сағат 13: 50-де жедел жәрдем жүргізушісі Комиссаров көшесі жағынан Ерубаев көшесімен жүріп, Нүркен Әбдіров даңғылының реттелетін қиылысында маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, бағдаршамның тыйым салатын қызыл сигналына шығып, «Ютонг« автобусымен соқтығысып, инерция бойынша «Лада приора» автокөлігімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы медициналық көмекке жүгінді. Аталмыш дерек полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем көлігінде болған науқас пен жүргізушінің жағдайы туралы хабарлады: «1000 ұсақ-түйек» дүкенінің жанында Теміртаудың «№ 1 емханасының» жедел жәрдем автокөлігі апатқа ұшырады. Науқастарды негізгі ауру бойынша стационарға терапевтік бөлімшеге алып келе жатқан, олар зардап шеккен жоқ. Жедел жәрдем қызметкерлері Мақажанов атындағы клиниканың қабылдау бөлмесінде қаралады. Науқастар мен қызметкерлер өздігінен жүріп-тұра алады. ЖКО себептері мен кінәлі тұлғалар тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін, сот шешімі бойынша анықталатын болады», - деп түсіндірді ведомствода.


Соңғы жаңалықтар