Қарағандыда жайсыз ауа райынан 20 жол апаты болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қалың қар жауып, боран соғып, көктайғақ болуына байланысты 19 сәуір күні таңертеңгі 10:40-тан бастап Қарағанды облысының барлық бағыттарында көлік қозғалысы тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

18 сәуір күні Қарағанды облысында ауа райы күрт өзгерді. Көктайғақтың салдарынан облыс орталығында бұл күні 26 жол-көлік апаты орын алған. Ал бүгін таңертеңгі 09.00-ден 11.30-ға дейінгі аралықта тағы 20 жол-көлік оқиғасы болған.

Коммуналдық қызметтер көше тазалау үшін қысқы техниканы шығаруға мәжбүр болды. Осылайша Қазыбек би ауданында қаланың басты жол қиылыстары, көшелер мен аялдамалардың алдына 32 тонна тұз аралас құм себілді. Ал Октябрь ауданында 54 текше метр балласт себілген. Сәуірдің 17-нен 18-не қараған түні Қарағанды жолдарын тазалауға қылшағы бар тракторлар шығарылды.

Соңғы жаңалықтар