Қарағандыда жаяу адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9 сәуір күні сағат 22.00 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты теміржол полиция бөліміне аумаққа қарасты дәмхана маңында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.

Болжам бойынша, белгісіз жүргізуші көлік руліне ие бола алмай қалып, 44 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмса, көлік жүргізуші ол жерден ізін суытқан.

Жедел іздестіру шаралары барысында «ізін суытпай» жол-көлік оқиғасын жасаған 20 жастағы азамат ұсталды.

Ол істеген ісін мойындады. Күдіктінің көлік жүргізу куәлігінің жоқ екені анықталды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-тармағы және 347-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар