Қарағандыда «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары экокроссқа қатысты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды жастар ресурстық орталығының қызметкерлері «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары үшін Green city атты экокросс ұйымдастырды. Оған әрқайсысы төрт адамнан тұратын Girls, Nike және «Акацуки» командалары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экокросстың мақсаты – қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңыздылығын еске салу», – деп атап өтті Қарағанды Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Сымбат Әубакірова.

Green city үш кезеңнен тұрды. Біріншісінде команда атауы мен ұранын ойлап табуы керек еді.

Екінші кезең экологиялық тақырыпта викторина түрінде өтті. Үшінші тур жылдамдыққа қоқыс жинау болды.

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша «Акацуки» командасы жеңіске жетті.

Екінші турда командаларға 15 сұрақ қойылды. Викторинада ұпай саны бойынша 12 сұраққа жауап бере отырып, Girls көшбасшы болды.

Үшінші турда 10 минут бойы командалар Мәңгілік алау аумағында қоқыс жинады. Мұнда да Girls ерекшеленді.

Экокросста бірінші орынды Girls командасы, «Акацуки» екінші, ал Nike үшінші орынға ие болды.

Экокросс жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.



Соңғы жаңалықтар