+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қарағандыда жас жүргізуші екі адамды қағып кетті

2021 жылғы 18 маусым 00:33
Бөлісіңіз:
Қарағандыда жас жүргізуші екі адамды қағып кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының орталық көшелерінің бірінде жеңіл көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде әйел мен қызды қағып кетті. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда балаларға қатысты азғындық видео туралы ІІМ өкілдеріне шетелдік әріптестері хабарлаған Елордалықтар карантинге қарамастан қыз ұзату, мерейтой өткізген Қызылордада құтқарушылар көлік ішінде қысылып қалған адамды шығарды

Әлеуметтік желіде, Қарағандының танымал пабликтерінің парақшаларында осы оқиға жайлы

видео жарияланды.


Көлік соққысынан 42 жастағы әйел мен 18 жастағы қыз зардап шекті. Полиция апатқа кінәлі адамды, көлікті тізгіндеген 20 жастағы жігітті ұстады.

«16 маусымда, шамамен 21.30-да 20 жастағы жігіт рульде болған «ВАЗ 211» автокөлігі Бұқар жырау даңғыл бойында орналасқан дәмхананың жанындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 42 жастағы әйел мен оның жанындағы қызды қағып кетті. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккендердің жағдайы орташа дәрежедегі ауыр халде деп бағаланады.

«42 жастағы әйелдің аяқтары, ал 2003 жылы туған екінші зардап шегушінің қолдары сынған. Екеуі де шұғыл травматология бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT