Қарағандыда жас жігіт темір гаражды ішіндегі мотоциклімен қоса ұрлап кеткен

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында темір гаражды ішіндегі мотоциклімен қоса ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

27 қаңтар күні Қарағанды облысы Абай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне 72 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу өзіне тиесілі темір гараж бен ішіндегі мотциклін ұрлап кеткенін айтып арызданған.

Жәбірленушіге келген шығын көлемі - 315 мың теңге.

Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

20 ақпан күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы азамат ұсталды.

Ол істеген ісін мойындап, айғақ заттар тәркіленді.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар